menu
Жабу

Тараз қаласында «Дана-Дель» ЖК киім өндірісі қолдау тапты

Жаңалықтар
18.04.2024

Тараздық Тоқтыбаева Бақыткүл Егембердіқызы 2018 жылы «Дана-Дель» ЖК тіркеді. Кәсіпкер сахнаға киетін, ұлттық және театр қойылымдарына арналған костюмдер, әскери қызметшілер мен мектеп оқушыларының формасын, төсек-орын, перде тігумен айналысады.

Заманауи жабдықтар барлық талап пен стандартқа сай келетін кез-келген күрделі, жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын сән мен трендке қарай киімдердің үлгісін үнемі өзгертіп отырады.

«Дана-Дель» ЖК киімдері Жамбыл облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де қолжетімді бағамен сатылады. Бақытгүл Егембердіқызы киімге деген сұраныс артуына байланысты өндіріс көлемін ұлғайтуға бел буды.

Осыған байланысты Бақытгүл Тоқтыбаева айналым қаражатын толықтыру үшін «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры несиені субсидиялап, қарыз жүгін азайтты. 

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қаратау ш/а, 18-үй

Instagram: @dana_del.kz

+7777-117-73-32