«Северный фанерный комбинаты» ЖШС – Петропавл қаласында құрылған, суға аса төзімді, үлкен форматта фанера шығаратын заманауи кәсіпорын.
Зауыттағы өте дәл жабдықтарда жылына 30 000 м3 ламинатталған фанера шығады. Шикізат ретінде 100% қайың ағашы мен неміс елінде шыққан пленка қолданылады.
Алғашқы өнім 2021 жылдың қаңтарында шықты.
Өнімдер құрылыс, монолит үй құрылысы, көлік жасау, орау, жиһаз жасау, кеме жасау, вагон жасау, интерьер мен экстерьерді безендіру сияқты салаларда қолданылады.
Комбинат келесі өнім түрлерін шығарады:
суға төзімді қайың фанера НЕХА;
ФСФ маркалы суға төзімді қайың фанерасы;
ФСФ маркалы ламинатталған қайың фанерасы.
Өндіріс толық қалдықсыз. Қайың бөренені өңдегеннен кейін қалған жаңқалары ағаш түйіршіктерін жасауда қолданылады.
Қазір «Северный фанерный комбинаты» ЖШС Қазақстан аумағындағы ең ірі фанер өндіруші. Онда 100-ден астам адам жұмыс істейді.
2023 жылы компания «ForteBank»-тан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында тағы бір фанера өндіру зауытын салу үшін несие алды. «Даму» Қоры несиенің мөлшерлемесін 21,25%-дан 8%-ға дейін төмендетті.
Петропавл қ-сы, Я. Гашек өткелі 1
+7 (771) 619 35 88, +7 (702) 995 27 15
@skofanera_petropavl