menu
Жабу

Кәсіби мамандарға арналған киім

Жаңалықтар
22.04.2024

Қызметкердің арнайы сырт киімі кәсібінен хабар береді, компанияны таныстырып, беделін көрсетеді. Дұрыс таңдалған жұмыс киімі жұмысшыларды зиянды факторлардан қорғайды, қауіпсіздік деңгейін арттырады және жарақат алу қаупін азайтады.

Заманауи жұмыс киімдері жайлылық пен ыңғайлылықты ескере отырып жасалады, сонымен қатар оның нормативтер мен стандарттарға сәйкестігі маңызды. Әрі, еңбекті қорғау туралы заң жұмыс берушілерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау үшін жұмысшыларды арнайы киіммен қамтамасыз етуге міндеттейді.

Осылайша, осы бұйымдарға үлкен сұранысты ескере отырып, кәсіпкер Мұхтар Бекетов 2010 жылы арнайы киім өндірумен айналысатын «Жанзере» ЖШС компаниясын құрды. Арнайы киімді жоғары білікті мамандар әзірлеп, тігеді. Отандық және шетелдік жоғары сапалы, берік материалдары ғана пайдаланылады. Арнайы киімге компанияның бірегей логотип салынып, корпоративтік стилін көрсетеді.

Жыл сайын өнімге тапсырыс көлемі ұлғайдықтан, компанияға жаңа үй-жай қажет болды. Сол себепті «Жанзере» ЖШС «Forte Bank»-тен несие алды. «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялау түрінде қолдау көрсетті.

Қазір «Жанзере» ЖШС клиенттері қалыптасқан. Өйткені өнімдері тек жергілікті компаниялардан ғана емес, облыстың басқа өңірлерінен де сұранысқа ие.

Адрес: Қызылорда қ-сы , Жеңіс к-сі 125

тел: +7 (775) 405 09 90

инстаграм: @zhanzere2010