Атыраулық Жұлдыз Ибраева 2018 жылы «Өз сүт» ЖШС тіркеп, сүт өңдеп, өнім шығарумен айналысуды шешті.
Салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттаудың арқасында «Өз сүт» компаниясы ғимаратты жалға алып, айран, қаймақ, йогурт, айран, биойогурт, катық, сүзбе секілді сүт өнімдерін өндіре бастады. Ал Атырау облысының тұрғындары қуана қарсы алды.
«Өз сүт» ЖШС-не құйып-орау жабдықтарын сатып алу керек болғанда «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында Қор портфельдік субсидия және кепілдік құралдары бойынша қолдау көрсетті.
«Мұндай мемлекеттік қолдау компанияға өндіріс қуатын арттыруға, шығатын өнім ассортиментін көбейтуге, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қазір клиенттер қатарын көбейту және Атырау облысының жетекші кәсіпорындарымен сүт өнімдерін жеткізу бойынша шарттар жасау жұмыстары жалғасуда», - дейді Жұлдыз Ибраева.
Атырау қаласы, Сарыарқа ш/а., 39, 8 құрылыс нысаны
Тел: +7 701 616 77 69