menu
Жабу

Түркістан облысында «Даврон» ЖК Қордың қолдауын алды

Жаңалықтар
24.04.2024

Жеке кәсіпкер Мамадалиев Даврон Кудратуллаевич 2022 жылдан бері жүк тасымалдаумен айналысып келеді.

2023 жылы ол тіркемесі бар DAF жүк көлігін сатып алды. Негізінен: Орал-Алматы - Ресей Федерациясы арасында жүк тасып, қызмет көрсетеді.

Бұл бизнесте бәсекелестік өте жоғары, бірақ кәсіпкер ретінде 2 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұрын да жалдамалы жүргізуші болып жұмыс істеген және осы салада тұрақты клиенттері бар.

Тапсырыстар fa-fa.kz, della.kz сайттары арқылы қабылданады және whatsapp топтарына да келіп түседі.

Даврон Мамадалиев мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдау көрсететінін біліп, егжей-тегжейлі кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Түркістан облысы бойынша филиалына жүгінді. Толық кеңес алып, қарыз алуға шешім қабылдады, «Банк Центр Кредит» АҚ өтінімді мақұлдап, «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кепілдік беріп, пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.

Кәсіпкер қаржыландырудың тиімді шарттарын пайдаланып қажетті техниканы сатып алды

Түркістан қаласы, Сарайшық көшесі, 38 үй, 57 п.

Телефон: +7 702 802 82 82