info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«МебельBRO» ЖШС – сапасы сұрапыл жиһаз шығарады

Жаңалықтар
25.04.2024

«МебельBRO» ЖШС – жоғары сапалы жиһаз өндіретін ірі кәсіпорын. Компания бірнеше жылдан бері үйге, кеңсеге және басқа да мекемелерге арналған жиһаздардың кең ассортиментін ұсынатын сенімді өндіруші ретінде танытып келеді.

«МебельBRO» ЖШС компаниясы әр тұтынушыға жеке назар аударып, тілегін ескеріп, өнімді үнемі жетілдіруге ұмтылады. Ол үшін кәсіпорын заманауи жабдықтар алып, жоғары білікті қызметкерлерді жұмысқа тартып, инновациялық технологияларды пайдаланады.

Жабдық таңдаудан бастап, өнімді түпкілікті құрастыруға дейінгі кезеңнің сапасы әрдайым қатаң бақылауда. Барлық өнімдер қауіпсіздік стандарттары мен экологиялық талаптарға сәйкестікке тексеруден өтеді.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың аясында компания 2022-2023 жылдары «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды.

Сатып алушыларға әртүрлі стильдер мен бағыттардағы жиһаз модельдерінің кең таңдауы ұсынылады. Мұнда сіз классикалық нұсқаларды да, заманауи дизайн шешімдерін де таба аласыз. Сонымен қатар, компания тапсырыс берушінің жеке өлшемдері мен қалауы бойынша тапсырысты орындауға дайын.

Бүгінгі таңда «МебельBRO» ЖШС өзінің жоғары беделінің, сапалы өнімдерінің және тұтынушыларға тамаша қызмет көрсетуінің аясында жиһаз өндірісі нарығында көшбасшы орынға ие. Компания өз тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру және өз саласында көшбасшы болып қалу үшін үздіксіз даму мен өсуге ұмтылады.

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Пригородная көшесі 3/2

Инстаграм: mebel_bro_krg

Whatsapp : +7(778)729 35 35