menu
Жабу

Алматылық зергер мемлекеттен қолдау алды

Жаңалықтар
03.05.2024

Зергерлік бұйымдар – ең әмбебап және алған адамды шаттыққа бөлейтін сыйлықтардың бірі. Әшекейлер де сән үрдістеріне бағынады және олар киімге қарағанда трендтен ұзақ уақыт қалмайды. Дегенмен үлгілер ассортименті үнемі жаңарып отырады.

«КЮЗ (ТРЗК)» ЖК алтын, күмістен зергерлік бұйымдар, кәдесыйлар өндіріп келеді.

Серіктестік басшысы Ринат Темірбаев Алматы сән-қолданбалы өнер колледжінде оқып, 2007 жылы бітірді. Содан кейін еңбек жолын суретші-зергер ретінде бастады. 2015 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап өзі бизнес ашуға ниеттенді.

«Өнімдер ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен шығады. Бүкіл өндіріс циклы: эскиз, 3D модель, кесу, прототип, бұйымдарды құюдан тұрады. Бұған 3-4 күн кетеді. Ал қолмен үлгі соғар кезде 1 күнге ұзағырақ болады.

Цех процесі 30-40%-ға автоматтандырылған. Дәл осы автоматтандыру процесін 70-80%-ға жоспарлау үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Ұлттық жобаә бағдарламасы аясында инвестиция үшін алынған бұл қарызды Қор субсидиялап, 6 пайызға түсірді. Қаражат құрал-жабдықтарға жұмсалды.

«КЮЗ (ТРЗК)» ЖК аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Инстаграм: @rinat_temirbayev

Мекен жайы: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 162/7

Байланыс телефоны: +77714100031