Талдықорғандық Ақмолдина Айымгүл Дәулетқызы «МойДоДыр» ЖК ашып, 2014 жылдан бері шаруашылық тауарларын сатумен айналысып келеді. Өзінің жеке бизнесін ашуға оған өз басынан өткен жайттар түрткі болды. Үнемі шаруашылық заттарын сататын бөлімнен керегін таппайтын ол кейде тіпті сапасыз тауарларға кез болып жүрді. Сол себепті Талдықорған қаласында өзінің «МойДоДыр» атты дүкенін ашып, сенімді жеткізушілердің өнімдерімен толтыруға шешім қабылдады.
2015, 2017 және 2020 жылдары кәсіпкер Талдықорған қаласында «МойДоДыр» атты шаруашылық тауарларын сататын қосымша бөлімдер ашты. Қалада дүкендер желісі тез танылды.
Биыл кәсіпкер «Forte Bank»-тен айналым қаражатын толықтыруға несие алып, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қорының субсидия құралы аясында қолдау алды.
«МойДоДыр» дүкенінен клиенттер қолжетімді бағадағы сапалы тауарлар таба алады.
Instagram: @moidodyr.kz
Телефон: +7 707 360 38 88
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Даиров көшесі 122