menu
Жабу

Маңғыстау облысында «Даму» Қорының қолдауымен мейрамхана ашылды

Жаңалықтар
08.05.2024

Мейрамхана ісі – бизнестің басқа барлық түрінен ерекше. Заманауи мейрамхана бизнесі – аспаздық дәстүр, қызмет көрсету саясаты, дизайн және интерьер дизайнына негізделген өнер. Әр ресторатор мейрамхана жұмысын жүргізудің ерекше идеясы мен бірегейлігін табуға тырысады.

«Абдалиева Гүлмира Илесовна» ЖК 2008 жылы тіркелген. Негізгі қызметі – мейрамха ісі және азық-түлік жеткізу.   

Қазір 250 орындық «AKS» мейрамханасы Маңғыстау облысының тұрғындары үшін банкет, үйлену тойы сияқты салтанатты іс-шаралар үшін есігін айқара ашты.  

Мейрамхана ашуға қаржы қажет болғанда кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінің» несиесіне жүгінді. Өтінімді банк мақұлдады және «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидия берді.

Мемлекеттік бағдарлама аясындағы қаражат мейрамхана құрылысын аяқтауға жұмсалды.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы, № 1 өндірістік аймақ, №8 учаске

Instagram: @aks_restaurant_aktau

тел.: +7 (705) 372 12 02