menu
Жабу

Айқын әлем

Жаңалықтар
06.05.2024

Заманауи және сапалы медициналық қызмет көрсету – халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың, оның денсаулығын сақтаудың негіздерінің бірі.

2017 жылы Атырау қаласында офтальмологиялық медициналық қызметтер көрсететін «Retina-A» клиникасы ашылды. Қазіргі офтальмология көз ауруларын зерттейді және осындай ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын-алудың жаңа әдістерін жасайды. Күні кеше ғана глаукома, катаракта, торлы қабықтың бөлінуі сияқты диагноздар соқыр болып қалу деген үкім сияқты көрінсе, қазір мұның бәрін емдеуге болады.

«Retina-A»-ның Ресей, АҚШ, Жапония, Қытай сияқты әлемдік өндірушілердің ең жаңа заманауи жабдықтары пациенттің көру жүйесінің жай-күйін кешенді диагностикалауға мүмкіндік береді, ауру дамуының бастапқы кезеңдерін анықтайды. Орталықта: көз ауруларын диагностикалау, факоэмульсификация әдісімен катарактаны жедел емдеу, көз өткірлігін эксимерлазерлік түзету секілді медициналық қызметтер көрмсетіледі. Білікті дәрігерлер күніне 80-ге жуық пациентті қабылдайды.

Медициналық жабдық сатып алу қажет болғанда компания «Еуразиялық Банктен» 21,75%-бен несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оның 15,75%-ын субсидиялады. Айырмашылықты кәсіпкер төлейді.
Атырау қаласы, Әуезов көшесі, 54

+7 7122308444, 30-83-18

+7 7788071968

Инстаграм: @Retina_center