menu
Жабу

Жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін ірі кәсіпорын

Жаңалықтар
13.05.2024

«Наурыз-5» ЖШС – «Korkem» сауда белгісімен жеміс пен көкөністер өңдеумен, консервілеумен айналысатын кәсіпорын. Игамбеков Джурат Уразұлы 2002 жылы негізін қалаған.

Өндіріс тәулігіне 10 тоннаға дейін консерв (джем, тұздық, тосап, паста т.б) шығаратын әмбебап технологиялық желімен қамтылған. Бұндай заманауи жабдықтар сатып алу мақсатында қомақты инвестиция салынған. Өнім Қазақстан Республикасының барлық облыстарында сатылады.

Консервілер жасауға жоғары сапалы өнімдер, салат, томат тұздықтары, маринадтар мен джемдер үшін жаңа піскен көкөністер мен жидектер қолданылады. Оның барлығы компанияның өз рецептімен дайындалады. Айына орта есеппен 50 тоннадан астам өнім сатылады.

Компания 2023 жылы «Қазақстан Халық Банкінен» жабдықтар сатып алуға жылына 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында оның 16,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Барлық өнімдер МемСТ бойынша сертификатталған.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, 200-орам, 226-ғимарат.

Телефон: +7 (701) 755 62 84

Пошта: nayriz_5@mail.ru