Қазақтың ас дайындау үлгісі – ата-баба дәстүрінің бір көрінісі. Әсіресе ет тартудың жөні бөлек. Көшпелі өмір салтын ұстанған халықтың тез бұзылатын тағамдарды ұзақ сақталатын етіп сақтау шеберлігін өз алдына бір өнер деуге болады. Қазіргі ысталған, қақталған, тұздалған жартылай фабрикаттар, шұжықтардың рецепті қазақтың жүздеген жылдар бұрынғы ет баптау ісінен бастау алады.
Петропавлдық кәсіпкер Елена Петровна Ахметова қазақи ет деликатестерін дайындаумен 2016 жылдан бері айналысып келеді. Компанияның ассортиментінде «Қазақстандық деликатес» брендімен шығарылатын өнімдердің 20-дан астам атауы бар. Атап айтқанда: қазы, сүрленген ет, ет орама, шұжық, шикілей ысталған бұйымдар, жартылай фабрикаттар және т.б жасалады.
Кәсіпорында ет консервілеудің өз рецептері және етке керемет дәм беретін арнайы ыстау жүйесі қолданылады. Барлық өнімдер ГМО және консерванттарсыз, табиғи құраммен, сапалы шикізаттан жасалады. Компанияның басты мақсаты – өңірдің өз ерекшелігі бар сапалы тағамдарын насихаттау.
Айналым қаражатын толықтыру және жабдықтарды жаңарту қажет болғанда кәсіпкер «Қазақстан Халық банкінен» АҚ «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында несие алды. Өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдауды көздейтін бұл бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 6% ғана құрайды.
СҚО, Петропавл қаласы, Тимирязев көшесі 14.
+7 (715 2) 50 41 17