Инновацияға бағытталған кәсіпорын

Жаңалықтар
14.05.2024

«Адванс-маркет» ЖШС 2015 жылы құрылып, өткен уақыт ішінде ел Президенті жүргізіп отырған бизнесті қолдау саясатының арқасында табысты, қарқынды дамып келе жатырған кәсіпорынға айналды. Кәсіпорын «Кәсіби мамандарға қамқорлық» қағидаты бойынша жұмыс істейді және кез келген ауа-райы жағдайында іште және сыртта жұмыс істейтін жандарға арнап арнайы киімдер тігеді.

WhatsApp Image 2024-03-20 at 14.57.41 (1).jpeg

Химия, мұнай-газ, металлургия, тамақ, фармацевтика және автомобиль өнеркәсібі, соның ішінде коммуналдық шаруашылық, көлік және құрылыс салаларының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдермен қатар, күнделікті киетін және белсенді спорт түрлеріне арналған киімдер де шығарылады.

Өндірісте жеңіл өнеркәсіптегі соңғы әзірлемелер мен инновациялар қолданылады. Кәсіпорын жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өз қызметкерлерін оқытып, олардың біліктілігін үнемі арттырып отырады.

Өндіріс қуатын арттыру мақсатында жұмыс киімдерін өндіру қызметін кеңейту үшін кәсіпорын ателье мен шеберхана үшін коммерциялық ғимарат сатып алуды ұйғарды. Осы мақсатта кәсіпкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на өтінім беріп, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының қолдауымен сыйақы мөлшерлемесін жылына 7%-ға дейін төмендетті.

Бұл қолдау – кәсіпті одан әрі дамытуға күшті ынталандыру болғаны сөзсіз.

БҚО, Орал қаласы, Б.Молдашев көшесі, 20

Тел +7 705 206 66 69; +7 7 7112 500 609

e-mail: 87055715342@mail.ru