Қостанай облысында 2020 жылдан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында микро бизнеске белсенді қолдау көрсетіліп келеді. Бұған жарқын мысалдың бірі – эко пакеттер шығаратын шағын кәсіпорынды атауға болады.
Разгоняева Елена Александровна компаниясын 2020 жылы құрып, әкесімен бірге қолдан жасалған пакеттер шығаратын іс ашуға шешім қабылдады. Александр Бурлаков инженер-өнертапқыш. Қағаз пакеттер шығаратын автоматтандырылған машинаны өз қолымен жасап шықты. Оның қолынан бұған дейін де ондаған конструкция шыққан. Соңғы жылдары ол ағаш өңдейтін машиналар жасады. Бір жылдан астам уақыт бойы Александр Геннадьевич станокты сыртқы құрылымын дамытумен ғана айналысты. қалғанының бәрі тез жасады.
Өндіріс бастау үшін шикізат сатып алу ғана қалды. Дәл осы кезде кәсіпкерлер «Қазақстан Халық банкінен» несие алды. «Даму» Қоры осы несиенің пайызын субсидиялап, қарыз сомасының 85%-ына кепілдік берді.
«Біз сапалы қағаз жеткізушіні таптық. Тағамдық желім де экологиялық таза әрі қауіпсіз. Банк берген несиенің мөлшерлемесін «Даму» қоры арзандатып берді. Бұл біз үшін үлкен қолдау болды. Себебі өндірісті бастау үшін шикізат қана жетіспеді. Бір ғана шағын машина, үлкен қағаз орамы және желім. Заманауи крафт пакеттер жасау үшін осы дүниелер ғана қажет болатын»,- дейді Елена.
Қазір компания сату нарығын жаулап жатыр. «Разгоняева» ЖК шығаратын крафт пакеттерді Қостанай облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша сатып алып, тапсырыс береді. Тәулігіне 4000 дана өнім шығады. Болашақта компания өнімдер ассортименті мен көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр. Өндіріс үшін тек табиғи материалдар қолданылады. Бұл оларды әдеттегі полиэтилен пакеттерден ерекшелендіреді, ең бастысы – қайта өңдеуге болады.
«Бұған қоса біздің пакеттерде 50 граммдық тығыздық бар және 2 кг салмақты көтере алады. Түбі өте берік, оны қолмен желімдейміз. Бойындағы тігісті машина жапсырады. Қазір біз тұтқалы және тұтқасыз етіп екі түрін шығарып жатырмыз. Болашақта 70 гр және 130 гр және т.б. көлемдегілерін шығармақпыз. Ол үшін әкем екеуміз станокты жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Қазір біз үшін ақша табу басты мақсат емес. Адамдарды қауіпсіз қаптамаларды қолдануға үйрету маңызды, осылайша қоршаған ортаға аз да болса қамқорлық жасау керек», - дейді Елена.
Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 29
Тел: +7 747 405 00 12
Инстаграмм: @Kostanay_craft_bags