«FISH HOUSE» балық орталығы – таңғажайып балық тағамдарының орталығы

Жаңалықтар
16.05.2024

Жазқазғандық Әзиз Мұхтарұлы Мәмбетов 2019 жылдан бері «FISH HOUSE» атты балық орталығын ашып, қала халқына қызмет көрсетіп келеді. Кәсіпкер өз ісін сол жылы қараша айында арнайы дүкенде балық сатудан бастады.

Уақыт өте келе, бизнестің бұл түрін зерттеп, балық өнімдерінің барлық ерекшеліктері мен қыр-сырын терең біле келе, саланың өте күрделі екеніне қарамастан балық кафесін ашу жайлы ойға бекіді. Яғни, балық пен балық өнімдерінің ассортиментін таңдаудан бастап, ғимаратты ойластырып, жайғастыруға дейін кірісу керек болды. Бизнесті дұрыс жоспарлаған кезде ғана табысқа жетуге болады.

Ал дәмхана ашу үшін коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу қажет болды. «Мамбетов А.М» ЖК осы мақсатта «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында Қор несиені субсидиялап, түпкілікті мөлшерлемені 7%-ға дейін түсіріп берді.

Қазір бұл балық дәмханасында жаңа піскен тағамдар мен балық өнімдерінің барлық түрі бар. Тұтынушыларға басқа да бірқатар қызметтер көрсетіледі, мысалы, балықты тұтас және бөлінген түрде сатып алуға болады.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ. Гагарин көш., 78Б үй (батыс айналма жол)

instagram: @fish_house_zhez