Укубаева Меруерт Ақанқызы «Мамина кухня» жартылай фабрикаттар орталығының негізін қалаушы. Бұл бизнес-идея Меруертке бесінші бала туғаннан кейін келді. Ол кезде үй шаруасы, жұмыс істеу мен тамақ дайындау қиындай түсті.
2022 жылы Меруерт жұбайының қолдауымен өзінің жинаған қаражатына жабдықтар сатып алды. Үйде бизнес бастау ыңғайсыз екенін біліп, 20 шаршы метрлік цех тапты. Жалға алу шартына қол қойып, технологты және жапсырушыны жұмысқа жалдап, жартылай фабрикаттар өндірісін іске қосты.
«Мамина кухня» компаниясының ең басты – миссиясы таза еттен нағыз үй өнімін дайындау. Ол әйелдердің тамақ дайындайтын уақытын үнемдеп, қолын ұзартады. Өйткені, қазір әр әйелдің сүйікті ісімен айналысуға, мансап жолында биік белестерге жетуге, өз бизнесін ашуға, жан-жақты дамуға зор ықыласты екені ешкімге де құпия емес. Компания етті іріктеуге көп көңіл бөледі. Басты міндет – сапалы, таза, дәмді өнім жасау.
Тұтынушылар тарапынан сұраныс артуына байланысты логотипі бар жеке бренд құру туралы шешім қабылданды және жарты жылдан кейін тауар белгісі тіркеліп, «Мамина кухня» атауы патенттелді. Сондай-ақ сұраныстың артуы көбірек үй-жайға көшуге және тиісінше одан да көп жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
«Мамина кухня» өнімдері халыққа ұнап, осыған байланысты жартылай фабрикаттар сату үшін жергілікті азық-түлік дүкендерінен ұсыныстар келіп түсті. Бұл Меруерт үшін жаңа тәжірибе болды, бірақ ол мүмкіндікті жібермей, прайс жасап, өз өнімін ұсынды. Бүгінгі таңда қаладағы 20-дан астам азық-түлік дүкенімен ынтымақтасады.
2024 жылдың басында жеке өндірістік цех сатып алу туралы шешім қабылданды және компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» қорының қолдауымен несие бойынша пайыздық мөлшерлеме кәсіпкер үшін алғашқы 3 жылда 8%, 4-ші жылы - 9% және 5-ші жылы - 10% -ды құрады.
Абай облысы, Семей қаласы, Красин көш, д.62
Инстагам: @mamina_kuhniya_semey