menu
Жабу

Таразда «Vestri medicus» медициналық орталығы Қордың қолдауын алды

Жаңалықтар
30.04.2024

«Vestri medicus» медициналық орталығын 2020 жылы сәулелік диагностика саласындағы дәрігер Айнұр Дәулетқызы Абдурасилова ашты. Компанияны Айнүр жұбайымен бірге басқарады. Ол да дәрігер, 20 жылдан астам уақыттан бері балалар хирургі болып еңбек етіп келеді.

Медициналық орталық аптаның алты күнінде екі ауысымда сағат 08: 00-ден 20: 00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбі – демалыс. Халық тарапынан білікті диагностикаға әрқашан сұраныс жоғары. Әсіресе УДЗ мен әр саланың өз мамандарына қаралғысы келетіндер легі азайған емес

Айнұр Дәулетқызы заманауи УДЗ аппаратын сатып алу керек болған кезде «Даму» қорының қолдауына жүгінді. Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық кеңес алған кәсіпкер Абдурасилова Тараз қаласындағы «Forte Bank»-тен несие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, Қордың кепілдігін пайдаланды.

Жаңа УДЗ – сарап санатындағы аппаратты алудың арқасында компания тағы бір жабдық жабдық – видеофиброгастродуоденоскопия алуға түрткі болды. Ол – жаңа жұмыс орнын ашып, пациенттерге дәл диагноз қоюға мүмкіндік берді.

Тараз қаласы, Салтанат ықшам ауданы, 16-үй, 2-кеңсе.

Instagram: @vestri_medicus

Ұялы телефон: +7 776 02 21 664