Пластик құбырлар өндірісі

Жаңалықтар
20.05.2024

Пластмасса – бүгіннің және болашақтың материалы. Өйткені оның қолданыс аясы өте кең. Заманауи құрылыста, сантехника желілерін төсеу немесе жылыту жүйесін орнатуда, күрделі инженерлік жүйелер салуда таптырмайтын материал. Олар металл аналогтарынан арзан, берік, жеңіл, қарапайым монтаждалады, ұзақ шыдас беретінімен ерекшеленеді. Шірімейді, қабырғаларына қақ пен шөгінді тұрмайды, орташа қызмет ету мерзімі шамамен 50 жыл.

Бұл материалға деген сұранысты ескере отырып, қызылордалық Индира Жамалова пластик құбыр өндірумен айналысатын компания құрды. Бұл – осы қала мен облыстың тұрғындарына құбырларды қолайлы бағамен сатып алуға үлкен мүмкіндік туғызды.

Жыл сайын өнімге тапсырыс көлемінің артып келе жатқанына байланысты компания айналым қаражатын толықтыру үшін қаражат қажет еткенде «Жамалова» ЖК «Даму» Қорының қолдауымен «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайызын субсидиялады.

Бүгінгі таңда «Жамалова» ЖК шығаратын өнімдерге риза болған клиенттер саны көп. Сол себепті тек жергілікті компаниялардан ғана емес, облыстың басқа өңірлерінен де, одан тыс жерлерден де сұранысқа ие.

Қызылорда қаласы, Ә. Қашаубаев көшесі

+7 (775) 687 45 67