Алматы қаласында «Jetysu Kagazy» ЖШС «Даму» Қорының қолдауына ие болды

Жаңалықтар
20.05.2024

«Jetysu Kagazy» ЖШС 2004 жылдың көктемнен бері қағаз өнімдері мен гофр картон бұйымдарын өндіріп келеді. Компания целлюлоза-қағаз секторында көп жыл жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған менеджерлердің кәсіби тобының бас қосуы негізінде құрылған. Қазір Орталық Азия өңіріндегі нарықта ұсынылмаған қағаздың жаңа түрлері мен сорттарын жеткізуші болып отыр. Компанияның дамуы жоғары технологиялық өнімдерді, атап айтқанда, гофр картоннан жасалған контейнерлер мен қаптамаларды енгізу және сегменттеу арқылы жоспарланған болатын.

Өз қызметін кеңейту үшін компания «Al-Hilal-Ислам Банкі» АҚ арқылы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бойынша айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылына 14,5%-дың 8,5%-ын құрайды. Қаражат шикізат алуға жұмсалды.

«Jetysu Kagazy» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Сайт: www. jk.com.kz

Алматы қаласы, Бөкейханов көшесі, 81 А.

+7 701 537 09 98