Onboarding day: Қор командасына жаңа қызметкерлер қосылды!

Жаңалықтар
20.05.2024

Бүгін «Даму» Қорының бас кеңсесінде Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева мен басқа да басшылардың Қорға жаңа қабылданған қызметкерлермен кездесуі өтті. Іс-шара барысында жұмысқа жаңа алынған әріптестер қаржы институтының тарихы мен стратегиялық мақсаттары, корпоратив мәдениет және олардың алдындағы мүмкіндіктері туралы білді. Сондай-ақ жаңа қабылданған мамандарды бейімдеуге байланысты мәселелер де талқыланды.

Гаухар Бурибаева «Даму» Қоры Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді және әрбір қызметкері отандық бизнестің өсуіне және дамуына көмектесіп, осы миссияға өз үлесін қосады деп атап өтті. Қор өз қызметкерлерінің біліктілігін дамытуға және өз ішінде мансап жолында өрлеу мүмкіндігі үшін кадрлық резерв қалыптастыруға назар аударады.

Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды, онда жаңа қызметкерлер Қор басшылығынан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.