Әлия Қарашинаның бизнесі 2008 жылы Индер ауданының Индербор ауылында дәмхана, азық-түлік дүкенін ашудан басталды. 2011 жылы жұбайы екеуі 250 орындық үлкен мейрамхана салуға шешім қабылдады. Қазір «Ақ отау» атты бұл мейрамханада жергілікті халық түрлі іс-шаралар, той-томалақ өткізіп келеді. Мейрамхана үнемі жаңартып тұруды талап етеді.
Қазір «Қарашина А» ЖК тұрғындардан тапсырыстар қабылдап, аптасына 20 кг шұжық өнімдерін (жылқы, сиыр және тауық етінен жасалған) өндіріп жатыр.
Қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпкер облыстық байқауда «Бизнес мойындаған Әлия» атты марапат алып, 2008 жылды «Жыл кәсіпкері» атанды.
Индер ауданы, Индербор ауылы, Х.Доспанова көшесі, 1Б
+7 701 451 08 93
Инстаграм: @agotauinder