2024 жылғы 21 мамырда Ыстамбұлда (Түркия Республикасы) климатқа қарай қаржыландыру және климаттың өзгеруі қарсы күрес шараларын кеңейту жөніндегі БҰҰДБ және ЭЫДҰ ұйымдастырған диалог аясында «Даму» Қоры Басқарма төрайымының орынбасары Бақытжан Мақажанов «Климаттың өзгеруіне бейімделуді, биоалуандық және табиғи шешімдерді қаржыландыру» атты сессияда сөз сөйледі.
Бақытжан Мақажанов «Даму» Қорының шағын және орта бизнес субъектілері арасында энергия тиімділігін арттыруға және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге бағытталған қаржылық бағдарламаларды әзірлеу мен енгізудегі табысты тәжірибесін ұсынды.
ЭЫДҰ мен БҰҰДБ ұйымдастырған іс-шара Түркия, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ елдері үкіметтерінің жоғары деңгейдегі өкілдерін жинады. Кездесудің мақсаты Париж келісімі аясында климаттың өзгеруінің негізгі проблемалары бойынша қатысушы елдер арасындағы диалогқа, ынтымақтастыққа және өзара түсіністікті тереңдетуге жәрдемдесу болатын. Сондай-ақ, СОР 29 қарсаңында аймақтық басымдықтарға қол жеткізу үшін климатқа қарай қаржыландыруды ұлғайту және Ұлттық басымдықтармен алмасу мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының делегациясына Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қаржы министрлігінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері кірді.
«Даму» Қоры климаттың өзгеруі, корпоративтік басқару, әлеуметтік қорғау, энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыра отырып, 2017 жылдан бастап БҰҰ ДБ серіктесі екенін атап өту қажет. Бұл жобалар тұрақты дамуға қол жеткізуде дәйекті, тиімді және пәрменді қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 26 сәуірде Қазақстан-Түрік үкіметаралық экономикалық комиссиясының 13-отырысында қол қойылған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен Түркия Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау ұйымы (KOSGEB) арасындағы Жол картасын жүзеге асыру аясында Бақытжан Мақажанов KOSGEB-пен кездесу өткізіп, ынтымақтастық үшін іс-қимыл жоспарын тиімді іске асыру және Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, түрік ұйымдарының өкілдерімен, атап айтқанда Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Инвестициялық кеңсемен және Түркия Республикасының ең ірі маркетплейстерінің бірі - Hepsiburada.com.-мен бірқатар танысу кездесулері өтті