«Қарақат» студиясы – Сәтбаевтық балалардың талантын ашып, қабілетін дамытады

Жаңалықтар
29.05.2024

Сәтбаев қаласындағы «Қарақат» студиясы 2023 жылдың жазында ашылды. Франчайзинг музыка мектебінің бір желісі жайлы идея авторы –«Jacket» компаниясын басқаратын Махатова Бағаш.

«Jacket» ЖШС 2022 жылдың желтоқсанында құрылған. Компанияның негізінен мәдениет саласында білім берумен айналысады. 

Бұған дейін франчайзи Жезқазған қаласында «Қарақат» студия болып ашылған болатын. Осы қызметін кеңейту үшін компания студия кеңістігін сатып алу туралы шешім қабылдады. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «First Heartland Jusan Bank»-тен алған несиені «Даму» Қоры субсидиялап, кепілдік беріп қолдады. Нәжижесінде несие 7% мөлшерлемемен төленеді. 

Сәтбаев қаласындағы «Қарақат» студиясында мамандар балаларға хореография, ән айту, гитара, жетіген, домбыра сияқты аспаптарда ойнау, актерлік шеберлік пен сурет салудан дәріс береді.

6.png

«Балалардың да, ұстаздардың да еңбегінің нәтижесін көргенде жаным жадырап, қуанышқа бөленем. Ал жұмыстың нәтижесі күткенімнен асып кетсе, жаныма нұр құйылады!» – дейді Махатова Бағаш. 

Ұлытау облысы, Сәтбаев қ.

Тәуелсіздік даңғылы, 31А

Instagram: @karakat_studiya_satbaev