menu
Жабу

QAZPRICEP – отандық өндірісте жасалатын тіркемелер

Жаңалықтар
29.05.2024

2019 жылы Көкшетауда автомобиль тіркемелері өндірісі ашылды. Жобаны «КАЗ Прицеп» ЖШС компаниясы жүзеге асыруда. Кәсіпорын QAZPRICEP брендімен салмағы 750 кг дейінгі жеңіл автомобильдерге бір осьті және екі осьті тіркемелер шығарумен айналысады. Айына 30 тіркемеге дейін шығаратын кәсіпорында 2022 жылдан бастап 300 ден астам тіркеме сатылды.

QAZPRICEP – жүк көтергіштігі 750 кг-ға дейін, шанақтың ұзындығы 2 м-ден 3,5 м-ге дейін, платформаның ені 1,25 м-ден 1,5 м-ге дейін жүк тасымалдау және өздігінен сырғытып түсіруге арналған функциясы бар толық мырышталған борт тіркемесі. Тіркемелер қаңқалы тентпен жабдықталған, бағасы қолжетімді және пайдалану сенімді, 12 айға кепілдік беріледі.

Бастапқыда «КАЗ Прицеп» ЖШС өз өндірісі үшін үй-жайларды жалға алды, бірақ кейін өндірістік база сатып алуды шешті. Кәсіпорын 2022 жылдың жазында несие алу үшін Forte Bank-ке жүгінді. Банк жылына 19%-бен қаржыландырды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады.

Өндірісті дамыту үшін 2023 жылдың жазында «КАЗ Прицеп» ЖШС жаңа жабдық – металл кесуге арналған станок сатып алды. Бұл жолы да Қордан «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау алып, ForteBank қаржыландырды.

«КАЗ Прицеп» ЖШС жеңіл автомобильдерге тіркемелерді ғана емес, сонымен қатар сауда мобильді фургондарын, тұрғын жай тіркеме-фургондарын, 10 тоннадан басталатын жүк көліктеріне арналған тіркемелерді және жүк көліктер шанағын шығарады.

Көкшетау қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 197Б / 2.

Сайт: www.qazpricep.kz

Instagram: @kazpricep