«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі» ЖШС 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Колледж орта кәсіптік медицина мамандарын даярлайды. ЖШС директоры Қанат Пернебайұлы Асқаров.
Қазір «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі» ЖШС қажетті білікті мамандармен жасақталған. Колледж оқытушылары басқа колледждер мен жоғары оқу орындарынан да келіп сабақ береді. 2 ауысымда жұмыс істейді. Штат кестесіне сәйкес, кәсіпорын қызметкерлерінің саны – 58 адам. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжіне 9 сынып және 11 сынып бітірген түлектер қабылданады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүреді.
Қазір сабақ өз ғимаратында өтіп жатыр. Қанат Асқаров қызметтің келешегі мен оң нәтижелерін ескере отырып, ғимаратты жөндеуді және кабинеттерді жарақтандыру үшін жаңа жабдықтар сатып алуды шешті.
Осыған байланысты Қанат Асқаров «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Қор қызметкерлерінен толық кеңес алып, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға өз мақсатын жүзеге асыру үшін кредит алу үшін өтінім берілді. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде Қор сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынды.
Осылайша, колледж басшылығы арзандатылған несие алып, колледжді жаңартты.
Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 57.
Моб.8 7262 43 16 58; 45 00 34