Су үнемдеуге мүмкіндік беретін мекеме

Жаңалықтар
31.05.2024

«Ирригатор Қазақстан» ЖШС – ірі ауылшаруашылық холдингтерден жеке шаруашылықтарға дейін су ресурстарын басқарудың кешенді шешімін ұсынатын компания.

Жерді жасанды ылғалдандыру әдісі ретінде суару алғаш рет Қазақстанның оңтүстігінде, Сырдарияның төменгі ағысында, ерте темір дәуірінде (б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасы) кеңінен таралды. Ол өзінің ең шырқау шегіне орта ғасырларда, Сырдарияның орта ағысында (Отырар оазисі аймағы) жетті.

«Ирригатор Қазақстан» ЖШС компаниясы өз қызметін 2014 жылы бастады. «Ирригатор Қазақстан» ЖШС тамшылататын түтіктердің жаһандық өндірушісі. METZER GROUP тамшылатып суару жүйелерін жеткізушінің еншілес кәсіпорны және Қазақстанда METZER (Израиль), Valley (АҚШ), HUNTER INDUSTRIES (АҚШ) халықаралық брендтерін мақтанышпен ұсынады.

Компания «Евразиялық Банкі» АҚ арқылы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша инвестиция үшін несие алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 27,75 пайыздың 13,75 пайызын құрайды. Қаражат Алматы қаласының индустриал аймағында тамшылататын түтіктер шығаратын зауыт құрылысына және полиэтилен құбырлары мен тамшылататын құбырлар шығаратын құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

«Ирригатор Қазақстан» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Сайт: metzer.zeynesh@gmail.com

Мекен жайы: Алматы қаласы, Индустриал аймақ

Байланыс телефоны: +7 771 191 19 19