menu
Жабу

Ертіс бойындағы өзен саяхаты

Жаңалықтар
06.06.2024

«Белалекс» компаниясының негізін 2023 жылы Беловтар және Алексеевтер отбасы қалады. Отбасылық бизнестің философиясы – отбасылық құндылықтарды сақтау және әрбір команда қызметкері саналы түрде жауапкершілікке дайын болу. Компанияда 16 адам еңбек етеді.

Шығыс Қазақстан облысының сулы, нулы табиғаты осы салада туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Әсіресе Өскемен су қоймасы төңірегінде турлар танымал. Сондай-ақ су қоймасының жағалауында демалыс орталықтары, форель шаруашылығы және балық аулау орындары, монша кешендері және т.б. туристік инфрақұрылымдар дамып келеді. Осының барлығы өзен көлігінің дамуына ықпал етеді.

Кәсіпкерлер «Даму» Қорының қолдауымен Өскемен су қоймасы бойымен жолаушыларды тасымалдау үшін өзен қайығын сатып алды.

Бүгінде компанияның су паркінде жолаушыларды тасымалдайтын «Чайка», «Ласточка» және «Звезда» атты «КС-110» 3 өзен қайығы бар.

«Чайка» қайығы – кең және тегіс палубасы бар, жылдам жүзеді. 15 адамға дейін сыяды

«Ласточка» қайығы – ұзартылған корпусты, кең және ыңғайлы. 30 адамға дейін сыйып кетеді. Мұнда жұмсақ орындықтары және 19 жолаушыға арналған диваны бар ыңғайлы «автобус» типті салон да бар. Палубада үстел, орындықтар және тент орнатуға болады.

«Звезда» – екі қабатты қайық, 15-20 адамға дейін сыяды.

Компания қайық сатып аларда «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы несие алып, «Бірыңғай кешенді бағдарламаның» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағыты аясында жылдық пайыздық мөлшерлемені 9%-ға дейін төмендетті. 

Байланыс телефоны: +7 777 955 09 05

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Славский атындағы жағалау, Өзен вокзалы

Instagram: @belaleks_boats