Бесінші элемент-жақындарыңызға күн сайын қамқорлық жасау!

Жаңалықтар
07.06.2024

«РБК plus» ЖШС өз қызметін 9 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырып келеді. Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласында орналасқан. Компанияның негізгі қызметі –санитарлық-гигиеналық өнімдерді, атап айтқанда «Бесінші элемен» сауда маркасының қағаз өнімдерін өндіру.

Компания шығарған алғашқы өнім дәретхана қағазы болды. Бір қабатты қайта өңделетін материалдардан жасалған, ортасы бітеу. Компанияның өндірісі осыдан басталды. Оның ерекшелігі – ол суда толық ериді. Оның қостанайлық тұтынушыға ғашық болғаны соншалық, компания мұнымен тоқтап қалмауға шешім қабылдады және одан әрі қағаз майлықтар шығара бастады. Кейінірек компанияның ассортиментінде целлюлозадан жасалған жұмсақ екі қабатты дәретхана қағазы пайда болды. Ал 2023 жылдың тамыз айынан бастап «Бесінші элемент» сауда маркасымен компанияда жаңа өнім – қағаз сүлгілер шыға бастады.

Компания барлық қажетті сертификаттары бар заманауи және жоғары технологиялық жабдықты пайдаланады, бұл өнімнің жоғары сапасының кепілі және белгіленген мерзімде жұмыстарды орындаудың кепілі болып отыр. Барлық өнімдер МемСТ бойынша шығарылады.

Компания мемлекеттік бағдарламаларға бірнеше рет қатысып, өндірістік үй-жай, жабдық, жүк автокөлігін сатып алды. Сондай-ақ айналым қаражатын толықтырды. «Даму» Қоры банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. «Даму» Қорынан субсидиясы арқылы компания қағаз өнімдерінің өзіндік бірегей өндірісін ашуға қол жеткізді.

2024 жылдың басында компания өзінің фирмалық дүкенін ашты, онда әркім қағаз өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сатып ала алады. «Бесінші элемент» өнімдері Қостанай облысының аумағында ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен танымал және Қазақстанның көптеген өңірлерінде үлкен табыспен сатылады.

«Болашақта компанияны дамытуға үлкен жоспарларымыз бар және біз мұнымен тоқтап қалмаймыз! Біздің басты міндетіміз – жоғары сапалы және қолайлы баға», - дейді компания директоры Айжан Аблаева.

«РБК plus» ЖШС

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Механизаторлар көшесі 21/ 6

Тел: 8 (7142) 52 22 57, 8 (771) 094 99 19

Сайт: www.qagazy.kz

Instagram: @bumzavod