menu
Жабу

«Samal» король суы. Пайдалы әрі дәмді

Жаңалықтар
06.06.2024

Ауыз су бизнесі – Қазақстандағы ең жылдам дамып келе жатқан тұтыну нарығының бірі. Сарапшылар бөтелкедегі ауыз су тұтынудың артуы құбырмен келетін су сапасының төмендеуімен байланысты екенін айтады.

Алматыдағы «Керемет су СКЕ» серіктестігі 2010 жылдан бері «Самал» брендімен су өндірумен, жеткізумен және сатумен айналысады.

Тереңдігі 300 метрден астам Қазақстан жер асты сулары кен орнының №2940 артезиан ұңғымасы – табиғи Samal ауыз суының қайнар көзі. Құдық Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан. Ұңғымадан құю желісіне дейін су механикалық тазарту, жұмсарту, сүзу, молекулалық деңгейде тазарту және ультракүлгін дезинфекциядан тұратын күрделі бес сатылы өңдеуден өтеді. Samal суы озонмен байытылғаннан кейін өзінің ерекше дәміне ие болады. Компания судың дәмі мен химиялық қасиеттерін мұқият қадағалайды. Күн сайын зертханада зерттеу, су сапасын бақылау жүреді.

Компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатында қаржы алды. Бағдарлама шартына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылына 15,25 пайыздың 9,25 пайызын құрайды.

«Керемет су СКЕ» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде. 14 жыл бойы «Керемет Су СКЕ» өнімдері жоғары сапа үшін ең жоғары баға алды және мұны алтын медальдар, марапаттар, дипломдар және алғыс хаттар растайды. Компанияның веб-сайтында дизайннан бастап өнімді жеткізуге дейінгі толық өндірістік циклмен таныса аласыз.

Сайт: hr2@swr.kz

Мекен жайы: Алматы қаласы, Бартольд к-сі, д. 157

Байланыс телефоны : +7 (727) 329-00-55