Оқытудың жаңа әдістемелерінің пайда болуымен қатар мектептің дәстүрлі сыныптары да өзгеріп, ұстаздар мен оқушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімделеді. Әсіресе жаңа технологиялар мен заманауи тәсіл енгізуді ынталандыратын эргономикалық мектеп жиһазына сұраныс мол. «MDA DISTRIBUTION» ЖШС 2021 жылдан бастап Қазақстандағы «жайлы мектептер» жобасы үшін жиһаз шығарып келе жатқан жетекші компаниялардың бірі.
Өндіріс көлемін ұлғайту үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» 20,25%-бен несие алды. «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында ол қарыздың мөлшерлемесін 8%-ға дейін субсидиялап, кепілдік берді.
«MDA DISTRIBUTION» компаниясы мектеп жиһаздарын жаңа заманауи форматта, бірегей дизайнымен, жоғары сапамен шығарады. Компания отандық өндіруші сертификатына ие, ал жиһаз өндірісі үшін жоғары сапалы шикізат қолданылады.
«Біз өз бизнесіміз арқылы сәбилердің балабақшада және оқушылардың мектептерде өзін жайлы сезінуіне көмектескіміз келеді. Сондықтан олар үшін жиһазды асқан сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен жасаймыз. Клиенттеріміздің пікірінше, біздің жиһаздар ең жақсы жиһаз», - дейді өтті компания басшысы.
Астана қ., Гейдар Әлиев к-сі, 14 үй
Телефон: +7 (775) 217 81 96
Пошта: mdadistributionkz@gmail.com
Сайт: mda-d.kz