menu
Жабу

Еуропалық стандартқа сай қазақстандық өнім

Жаңалықтар
07.06.2024

«Белес-Агро» ЖШС 2005 жылы жалпы астық сақтау көлемі 35 мың тоннаға жететін Ростошинский астық өндіру зауыты орнынан ашылды. «Белес-Агро» ЖШС жұмсақ бидай сұрпын өңдеп, нан пісіретін ұн шығарады. Оның барлығы ұн тарту өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы – швейцария-германиялық «Buhler» компаниясының технологиясы мен жабдығында жүзеге асады. 2010 жылы кәсіпорын тәулігіне 150 тонна шикізат өңдеуге қуаты жететін диірменді іске қосты, ал 2015 жылы «Ақ Қайнар» НӨК» АҚ-ты (итальяндық Mill Servis диірмені және итальяндық «PAVAN» SpA компаниясының макарон желісі) сатып алды. Бұдан кейін астықты жалпы өңдеу көлемі тәулігіне 300 тоннаны құрады. Ұн және макарон өнімдері «Белес» брендімен шығады.

Бизнесті кеңейту, атап айтқанда, айналым қаражатын толықтыру мақсатында компания «Қазақстан Халық Банкінен» 21,25%-бен несие алды. Йқарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында оның 8 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

«Белес» брендімен шығатын жоғары сапалы өнімге ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да тұтынушылардан сұранысқа ие.

БҚО, Бәйтерек ауданы, Белес ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 14/5

Тел.:+ 7 (7112) 933 591

Сайт: www.beles.kz