«Микробизнестегі әйелдер» атты тегін білім беру жобасына қатысуға шақырамыз

Жаңалықтар
12.06.2024


WhatsApp Image 2024-06-12 at 17.15.55.jpeg

Құрметті кәсіпкер арулар!


Сіздерді ҚР Үкіметінің қаржылық қолдауымен «Даму» қорының серіктесі – ЕҚДБ ұйымдастырған «Микробизнестегі әйелдер» атты тегін білім беру жобасына қатысуға шақырамыз.

Егер микробизнес секторындағы кәсіпорынды басқаратын әйел адам болсаңыз немесе соған ұмтылсаңыз, бұл курс сіз үшін пайдалы болмақ. Курстан сіз:

• Бизнесті масштабтау және оны келесі деңгейге көтеру
• Заманауи басқару құралдарын меңгеру
• Серіктестік желіні кеңейту және пікірлес адамдар табу
• Жұмыс тобын күшейту
• Іскерлік ойлауды дамыту
• Мықты және сенімді көшбасшы болуды үйренесіз.

Оқыту бағдарламасы бизнестің барлық салаларын қамтиды және қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Оқыту форматы: офлайн іс-шараларды қамтитын онлайн
Курс ұзақтығы: 4-5 ай

Тіркелу үшін сілтеме: https://womenmicrobusiness.accelsite.io/ru 
Презентация