Петропавлда эко қаптама өндірісі ашылды

Жаңалықтар
10.06.2024

Павелкин Юрий Владимирович ашқан «Эко-Тара» компаниясы 2021 жылдан бері эко қаптамалар шығарып келеді. Бұл бизнес үшін кәсіпкер жер учаскесі бар өндірістік аумақты сатып алды.

Қазір азық-түлік, көкөніс және басқа да тауарларды сақтап, тасымалдауға қажет ие әртүрлі мөлшердегі төрт клапан жәшіктерін, логотипті үш түсте қолдануға болатын картон қораптар, екі қабатты гофр картон, әртүрлі өлшемдегі үш қабатты гофр картон, әртүрлі өлшемдегі бес қабатты гофр картон қораптарын өндіреді. «Эко-Тара» ЖШС –Солтүстік Қазақстан облысындағы осы саладағы жалғыз компания. Қаптамалар өте берік, су өткізбейтін материалдан жасалады.

2023 жылы компания өндірілген тауарды сақтап одан әрі сату үшін қойма құрылысын қол алып, мемлекеттік қолдау алу үшін Қорға жүгінді.

Нәтижесінде, Юрий Владимирович «Қазақстан Халық Банкінен» 21,5%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесі жылына 13,5%-ды құрады. Кәсіпкер тек 8%-бен төлейді.

Петропавл қ, Я. Гашека к-сі, 25А

+7 (7152) 395 011

+7 (707) 230 93 23

Instagram: @ekotara_petropavlovsk