menu
Жабу

Тараз қаласында «Luxurious» қонақ үйі ашылды

Жаңалықтар
11.06.2024

«Шұжық өндірісінен қонақ үй бизнесіне!»

Берік Ұзматұлы Сәбденалиев 2008 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Негізінен жекеменшік цехында шұжық өнімдері мен пісте шығаратын. «Сарыбас» ЖК «Сай-ко», «Сары бас», «Болат және Ко» сауда белгісімен шұжықтың 39 түрін шығарады. Бұл өнімдер өндірістің бас технологы Берік Сәбденалиевтің патенттелген технологиясы бойынша әзірленеді.

Ұзақ жылдар бойғы осы кәсіптен кейін Берік Сәбденалиев «Abay Inn» қонақ үй кешенін сатып алып, жаңа бағытта бизнес ашу жайлы шешім қабылдады.

«Шұжық өндіру – өмірімді арнаған, көп еңбек пен энергияны қажет ететін процесс. Цех жұмысын ұйымдастыру және іске асыру сәтті жолға қойылған. Енді «шұжық бизнесінен» қонақ үй бизнесіне дейінгі жолдан өтетін уақыт келді. Мен үшін бұл жаңа сынақ, жаңа бағытта жұмыс істеу, тәжірибе жинақтау және компаниямның табысын арттыру»,-дейді Берік Сәбденәлиев.

Қонақ үй кешенін сатып алу үшін қаражат қажет болғанда кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалына жүгінді. Толық кеңес алғаннан кейін қонақ үй сатып алуға «Банк ЦентрКредиттен» несие ресімдеді «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор несиені субсидиялады.

Кәсіпкер жинақталған қаражатына заманауи стильдегі қонақ үйді жаңартты. Несие алу кәсіпкерге бизнестің жаңа бағытын ашуға және Тараз қаласында қонақ үй қызметтерінің саласын әртараптандыруға мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы, Тараз қ., даңғылы. Абай даңғылы, 139А

Телефон: +7 747-877-59-68

Instagram: @luxurious_hotel_taraz