menu
Жабу

Қызылордада көбік пен құмнан кірпіш блоктар шығаратын цех ашылды

Жаңалықтар
13.06.2024

Көбік пен құм қосып жасалатын кірпіш блоктар қазір ең көп таралған құрылыс материалдарының бірі. Бұған бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, бұл блоктарды құрылыс компаниялары ғимараттың жылуын сақтау үшін қаптауға пайдаланады, сондай-ақ аз қабатты үйлердің ішкі бөлмелерінің қабырғаларын қалауға және жер телімін айналдыра қоршауға пайдаланады. Екіншіден, жұмысы өнімді. Жылдам қаланады, кереге бойы тез көтеріледі, үй ішінде болса жылу ұстайды және т.б. Мұның бәрі тұтынушылар тарапынан сұранысты арттыра түспек.

Құрылыстың жаңа стандарттары бойынша бұл материалдар кірпішке қарағанда экономикалық тұрғыдан тиімді.

Тағы бір артықшылығы – бұл өнімді өндірушілер үшін үнемді әрі тиімділігінде. Яғни басқа бизнес түрлерімен салыстырғанда бастапқы қаржыны аз талап етеді, өндіріс технологиясы тым қарапайым және үнемі сұраныс бар. Осы сипаттамаларды зерттеп, көз жеткізе келе құрылыс саласында мол тәжірибесі бар «Дарын» ЖК басшысы Бауыржан Спанов көбік, құмнан блоктар шығарумен айналысуға шешім қабылдады.

Осыған байланысты ол «Банк Центр Кредиттен» несие алып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорынан субсидия түрінде қолдау алды. Қаражат әр түрлі көлемдегі құрылыс материалдарын өндірудің толық циклын жүзеге асыратын, қуаты айына орта есеппен 2500 блок өндіретін жабдық сатып алуға жұмсалды.

Қазір ол толық көлемде жұмыс істеп тұр. Компанияның облыста тұтынушылары мол . Болашақта ҚР басқа қалаларына өнім жеткізуді жоспарлап отыр.

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата кошесі, 255 Б

тел: +7 708 337 20 29, эл.пошта: too_sm@mail.ru