Атырау қаласында жергілікті өндірісті дамыту

Жаңалықтар
14.06.2024

Атырау облысы еліміздің батысындағы экономикалық өсім көрсеткіштері жағынан көш бастап тұрған өңір. Соңғы уақытта облыс орталығында жаңа шағын аудандар қарқынды бой көтеріп, инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы белсенді дамып келеді. Бұл – құрылыс материалдарына, оның ішінде жергілікті өндіріс өнімдеріне қажеттілік туғызады.

«Атырау Бетон-24» компаниясы 2004 жылы құрылған. Іргетастар, баспалдақтар, инженерлік коммуникациялар, жол төсеп, жылу трассалары элементтерін салу кезінде қолданылатын жоғары сапалы тауар бетон, қабырғаларға іргетас блоктар, тіректер, ТБ сақиналар, қақпақтар, түп, құрылыс саласында кеңінен қолданылатын пластик терезелер мен ағаш есіктер өндіреді.

Компанияның өз зертханасы, логистикалық жолдары бар. Бұл жоғары сервиске мүмкіндік береді. 100 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Атырау Бетон-24» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына бірнеше рет қатысып, мемлекеттен қолдау алған.

Мұнайгаз секторында жинақ бұйымдар өндіру ісін ашып, бизнестің жаңа бағытымен айналысуға шешім қабылдаған кезде кәсіпкер жабдық сатып алу үшін «Қазақстан халық банкінен» несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялап, қарыз жүгін жеңілдетті.

Нәтижесінде тез тозатын бұйымдар – сорғы жабдықтары, тербелмелі станоктар, компрессорлар, KZ СТ техникалық талаптарына сәйкес келетін құбыр өнімдерін шығарып жатыр.

Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Әуезов көшесі, 66 ғимарат

тел: +7 771 068 0484

Instagram: @atyrau_beton24