«Уыз Май Индастри» ЖШС – толық майлы соя, соя шроты және соя майын өндіретін компания

Жаңалықтар
10.06.2024

Қазақстанда өсетін соя бұршақтары әлем бойынша сұранысқа ие. Өйткені басқа елдердің ГМО соя бұршақтарынан айырмашылығы – органик өнім екендігінде.

Жетісулық «Уыз Май Индастри» ЖШС – толық майлы соя, соя шроты және соядан май өндіретін жетекші компания. 2009 жылы құрылған компания Қазақстан мен ТМД елдері нарығында 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
Тамақ өнеркәсібінің барлық салалары үшін өнім жеткізетін Уыз Май Индастри өндірісте Алматы облысы, Жетісу облысының шаруа қожалықтарынан ең жақсы шикізат сатып алып, оны заманауи, жоғары технологиялық жабдықтармен өңдейді. Нәтижесінде серіктестерге экологиялық таза және пайдалы өнімдер жеткізеді.

2022 жылы компания соя бұршақтарын дайындау және экстракциялау цехтарын қайта жаңартып, соя майын ылғалдандыратын жаңа цех салды. Бұл – өңдеу қуатын тәулігіне 200 тоннадан 300 тоннаға дейін арттыруға, сатылатын өнім желісін кеңейтуге (соя ұнының бірнеше түрі, соя майын тереңірек тазарту, түйіршіктелген қабық және т. б.) негізгі өнімдерді тұтынуды оңтайландыруға, бұршақтарын өндіруде қолданылатын материалдар және электр энергиясын тұтынуды азайтуға мүмкіндік берді.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында «Даму» Қоры компанияның несиесін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолдап, субсидиялады. Қаражат соя бұршақтарын қайта өңдейтін жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

Зауыт жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейді. 114-тен астам адам жұмыспен қамтылған.

Сайт: www.soya.kz
+7 728 38 28-0-24
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Теректі ауылы, Е. Исамберлин көшесі, 51