menu
Жабу

Ұн сатудан бастап лаваш өндірісіне дейінгі жол

Жаңалықтар
17.06.2024

Петропавлдық Нұрлан Қойшыбаев кәсіпкерлікті 2011 жылы жергілікті базарда ұн сатудан бастады. Біраз уақыт өткен соң ұн сату ғана емес, ұннан өнім жасап шығарудың да мүмкіндіктерін түсініп, сатушыдан өндірушілікке қарай қадам жасады. Оның таңдағаны – лаваш өндірісі болды. Бұл идеясын жүзеге асыру үшін кәсіпкер 2022 жылы арнайы жабдықталған үй-жай сатып алды.

Лаваш – көптеген ғасырлар бұрын Шығыс халықтары ойлап тапқан тағам. Ал қазір бүкіл әлемде танымал. Ішіндегі ең сұраныс мол түрі – армян жұқа лавашы. Оны жеке тағам ретінде де, десерт немесе тағам пісірерде құрамдас бөлік ретінде де қолдануға болады. ЖК «Қойшыбаев» сапалы отандық шикізаттан, лаваш әзірлеуден бастап оны қаптауға дейінгі барлық кезеңді жүзеге асырады. Дайын өнім сапасы қатаң бақыланады.

Нұрлан Сәлімжанұлы кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру үшін өндірісті басқарудағы өзінің елеулі тәжірибесін пайдаланады.

Компанияның қоймалары мен көлік құралдары шикізатты сақтауды және өнімді тапсырыс берушілерге жеткізуді қамтамасыз етеді. Компанияның негізгі мақсаты – нарықтың ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар инновацияларды белсенді енгізу және ассортиментті кеңейту арқылы болашақ трендтен қалмау.

Нұрлан Сәлімжанұлы нағыз стратег ретінде өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта 2024 жылы компания «Даму» Қорынан мемлекеттік қолдау алды. Атап айтқанда «Банк ЦентрКредиттен» алған несиесін «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында Қор субсидиялап, 8%-ға түсірді.

Бұл мысал кәсіпкердің жаңа биіктерге жету үшін өзінің қабілеттері мен мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз бизнесін қалай дамыта алатынын көрсетеді.

Петропавл қ-сы, Первая Сенная, 8

+7 705 241 28 28