«Viamedis» ЖШС Көкшетау қаласында бес жылдан астам уақытан бері денсаулық сақтау қызметтерін көрсетіп келеді. 2020 жылы кәсіпорын «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-ді сенімгерлік басқаруға алды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында «Viamedis» ЖШС емханасы бар жаңа клиникалық-оңалту орталығын салуға міндеттеме алды. «Viamedis» ЖШС бұл шартты орындады және 2022 жылы Сарыарқа аудан тұрғындары үшін емханасы бар жаңа клиникалық-оңалту орталығын ашты. Жобаға компания өз қаражатын салып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржы жетпеген кезде «Альфа банктен» несие алды. «Даму» Қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, кепілдік ұсынды.
2023 жылы қызметтің кеңеюіне байланысты «Viamedis» ЖШС «ЦентрКредит банктен» қаржы алды. Бұл жобаны да «Даму» Қоры қолдап, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялады.
Қазір «Viamedis» клиникалық-оңалту орталығы терапия, хирургия, жалпы оңалту, нейрореабилитация, балаларды оңалту бөлімшесі, сәулелік диагностика және эндоскопия қызметтерін көрсетеді. Мұнда инсульт, инфаркт, жарақат және түрлі операциялардан өткен науқастар оңалтудан өте алады. Орталықта бассейн, арнайы жабдықтар мен тренажерлер бар. Сондай-ақ, «Әлеуметтендіру» кабинеті қарастырылған, онда пациенттерге тұрмыстық техниканы қайта пайдалануға, есіктердің, шкафтардың және басқа заттардың тұтқаларын өз бетінше ашуға үйретіледі. Сарыарқа шағын ауданының тұрғындары үшін бір ауысымда 750 адам қабылдайтын емхана жұмыс істейді.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, ш/а. Сарыарқа, 7/2
https://viamedis.kz/kokshetau/
Инстаграм: @viamedis_kokshetau
Call-centre: +7 (7162) 440603