Павлодардағы саябақ архитектурасы мемлекеттік қолдаудың арқасында көркейіп келеді

Жаңалықтар
18.06.2024

«Қазстройторг ПВ» – заманауи конструктив шешімдерді пайдалана отырып құрылыс элементтерін шығарады. Компания өнімдері құрылыс объектілердің жоғары сапалы, берік, сенімді болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар аз шығынмен заманауи прогрессив дизайн ұсынады. ЖК «Қазстройторг ПВ»-ты 2015 жылы Зинченко Виталий Геннадьевич ашты. Кәсіпкер құрылыс материалдарын, темірбетон бұйымдарын өндірумен және көтерме саудалаумен айналысады. 2017 жылдан бастап кәсіпорын тек өндіріспен айналыса бастады.

Комапния:

* Саябақ сәулеті;

* Тротуар плиталары, жол жиектері;

* Бетон қоршаулар, сәндік элементтері;

* тас пен бетон плиткалар;

* Терезе жақтаулары;

* ФБС блоктар;

* Керамика кірпіш;

* Керамзит саз;

* ТБ өнімдерінің: колонна, баспалдақ алаңдары, баспалдақтар сияқты түрлерін шығарады.

Темір-бетон сәндік қоршаулардың 10-нан астам түрі бар. 2022 жылы кәсіпорын өз аумағын кеңейтіп, қосымша ғимараттарды пайдалануға берді, бұл өндірілетін өнім көлемінің және қойма үй-жайларының айтарлықтай артуына ықпал етті. Сол кезеңде қасбетке жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Қазстройторг» ЖК мемлекеттік қолдаудың арқасында өнеркәсіптік база, жүк тиегіш техника, сондай-ақ жабдық сатып алды.

2022 жылдың желтоқсанында кәсіпкер өзінің айналым қаражатын толықтырып, мемлекеттік субсидияны да пайдаланды. Биыл «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасының арқасында кәсіпкер коммерциялық үй-жай сатып алды. Несие бойынша мөлшерлеме 19,75% болғанмен, оның ішінде алғашқы үш жылда субсидия мөлшері 11,75%-ды, төртінші жылы 10,75%-ды, бесінші жылы 9,75%-ды құрайды.

Кәсіпорын 2024 жылы өндіріс қуатын 20%-ға ұлғайтыып, өнім ассортиментін кеңейтуді жоспарлаған. Ол үшін құмоблок пен ұсақталған блок өндірісі бойынша қосымша өндіріс сатып алынды. Қазстройторг ПВ-ның басты артықшылықтарының бірі – жөндеу және әртүрлі тәсілдермен төлей отырып, материалдардың бәрін бір жерден сатып алу.

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Северная промышленная зона көшесі, 192

Тел.: +7-701-536-52-18

Инстаграм парақшасы: ip_kazstroytorg_pv