Киім шығаратын «Ribs» атты компанияны ерлі-зайыпты кәсіпкерлер ашты. 2020 жылғы карантин олардың мамандығын өзгертуге мәжбүр етті. Дәрігер мен ағылшын тілі мұғалімі өз өмірін өзгертуге және бизнес бастауға дәл осы кезде шешім қабылдады. Нәтижесінде «Ribs» медициналық киім бренді пайда болды.
Ерлі-зайыптылар медициналық киімдерді сата бастады, ал 2020 жылдың қыркүйегінде брендті патенттеп, өндіріс цехын іске қосты. 2022 жылы «Aksunkar» ЖК кәсібін дамытуға грант ұтып алды және бұл қызметті кеңейту үшін қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алуға көмектесті. Бастапқыда компания костюм тігу үшін үйде жұмыс істейтін бір тігінші жалдады. Мүмкіндіктер арта келе олар шамамен 70 шаршы метрлік жаңа бөлмеге көшіп, тағы біраз тігіншіні ресми түрде жұмысқа қабылдап, менеджер мен сату жөніндегі маманды жалдады. Қазір «Aksunkar» ЖК компаниясы медициналық костюмдердің әр түрін шығарады.
2023 жылдың мамырында цех пен дүкенді кеңейту қажет болғандықтан, кәсіпкерлер кең ғимаратқа көшті. Осы жылдың қысында олар сол бөлмені «Банк ЦентрКредиттен» 20,75%-дық несиемен сатып алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында Қор пайыздық мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендетті.
«Біздің хоббиден толыққанды бизнеске дейінгі жолымыз қиындықтар мен кедергілерге толы болды. Бірақ біз оларды табандылық пен өз ісімізге деген сенімнің арқасында жеңдік. Бүгінгі күні Ribs-өсіп, дамып келе жатқан табысты медициналық киім бренді. Біз қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамыз»,-дейді компания басшысы.
Астана қ., Республика даңғылы, 10/1 үй
Телефон: +7 (707) 835 06 68
Instagram: @by.ribs