Ең жоғары сапа – жемісті ынтымақтастық!

Жаңалықтар
20.06.2024

«Юнипак-Шымкент» ЖШС – жас, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. 2015 жылы құрылған кәсіпорын төмен мойынды ПЭТ преформаларын және тығыздағышты, тығыздағышсыз қауіпсіздік сақинасы бар қақпақтарды шығарады. Өнімдер тамақ өнеркәсібінен тыс салаларда да қолданылады. Компанияның өнімдері еуропалық Sacmi өндірушісінің заманауи жабдықтарында шығады. Бұл жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Барлық пайдаланылатын шикізат пен дайын өнім халықаралық стандарттарға сәйкес зертханалық сынақтан өтеді.

Компания шығаратын өнімдер негізінен: преформалармен минерал сулар құю (газдалған және газдалмаған сусындар), табиғи шырындар мен нектарларды, құрамында шырыны бар сусындарды, соның ішінде балалар тағамына, алкогольсіз және алкогольді сусындарға (40% дейін), сүт пен сүт өнімдерін, сірке суын, сондай-ақ тағамдық емес сусындарды құю үшін қолданылады (тұрмыстық химия және т.б.). Қаптама мен контейнердің дизайны ең жақсы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

Өндірісте тек жоғары сапалы, импорттық шикізат қолданылады. Шикізатқа түс қосу үшін еуропалық өндірушілердің бояғыштары қосылады. Бояғыштар түйіршік түрінде келеді. Өнімдер арнайы көп қабатты сапалы октабиндерде сақталады. Барлық шығарылатын өнімдер сертификатталған және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес.

2020 жылы «Юнипак-Шымкент» ЖШС басым жобаларды несиелеу және қаржылық лизинг аясында «Даму» Қорының субсидиясын пайдалана отырып, қосымша жабдық сатып алуға «Bank RBK» АҚ-дан несие алды.

«Юнипак-Шымкент» ЖШС – полимер қаптама индустриясының флагманы. ҚЗ-дағы әрбір үшінші ПЭТ-бөтелке «Юнипак-Шымкент» ЖШС преформасынан өндірілген. «Юнипак-Шымкент» ЖШС компаниясының тұрақты тапсырыс берушілері қатарында Tassay суы, Holiday, Cola Kazakhstan сусындары және т. б. Бар.

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 41

Тел. +7-701-754-09-81

Сайт: www. unipack-pet.kz