«Hi-Tech» стоматологиялық клиникасының негізін қалаушы Альфред Анварович Мулюков өңірдегі стоматологиялық бизнестіңалғашқы қарлығашы. Оның емханасы сонау 90-шы жылдары Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ашылған алғашқы жекеменшік емханалардың бірі. Клиника сапалы стоматологияның барлық ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып құрылған. 2009 жылы баға мен сапа үйлесімі үшін «Үздік стоматологиялық клиника» марапатына ие болды. Бүгінгі таңда клиникада Kavo, Ivoclar, ZirkonZahn заманауи еуропалық жабдықтар орнатылған жеке стоматологиялық зертхана бар.
Ол сонымен қатар жақ-бет аймағының 3D рентген диагностикасына арналған соңғы Planmeca ProMax 3D классикалық томографымен жұмыс істейді.
«Hi-Tech» клиникасы тістерді импланттау, шпондар мен металлсыз керамика сияқты қалпына келтіру түрлері бойынша қызмет көрсетудегі көшбасшылардың бірі. Емханада:
• Тексеру, кеңес беру
• Терапиялық стоматология
Кариесті, пульпитті, пародонтитті емдеу, тістерді қалпына келтіру.
• Хирургиялық стоматология
Кез келген күрделі тістерді жұлу және тісті сақтап қалу операциялары, тіс импланты.
• Ортопедиялық стоматология
Заманауи материалдар мен конструкцияларды пайдалана отырып, тіс протездеу.
• Ортодонтиялық стоматология, брекеттерді және соңғы 3D технологияларын қолдану арқылы тістеуді түзету.
• Ағарту бойынша қызмет ала аласыз.
Қызметінің кеңеюіне байланысты кәсіпкер стоматологияны қайта құру және жаңа құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында «First Heartland Jusan Bank»-тен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 21,75 пайыздың 13,75 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» қоры кепілдік берді.
Стоматологиялық емхананың кеңеюінің арқасында жаңа жұмыс орындары ашылды. «Hi-Tech» стоматологиялық емханасы – кешенді қызмет көрсету, жоғары білікті мамандар, ең заманауи жабдықтар, инновациялық технологиялар мен материалдар, әрбір науқасқа жеке көңіл бөлу.
БҚО, Орал қаласы, Алмазова көшесі, 60
Телефон: + 7 (7112) 53 21 96
сайт: www.hitech-stom.kz