Гидроэлектростанция (ГЭС) — су арнасының күші мен толқындарының қозғалысын энергия көзі ретінде пайдаланатын станция, гидротехника құрылысының түрі. Су электр станциялары әдетте өзендерде салынады.
«Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС компаниясы 2009 жылы құрылған, «АСПМК-519» ЖШС еншілес кәсіпорны. Негізгі қызметі – электр қуатын өндіру, электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану. Жетісу облысы Ескелді ауданының Қора өзенінде орналасқан үш гидроэлектростанция жұмысын жүргізіп отыр.
Бұл ГЭС құрылысына Жетісу облысындағы тапшы энергия жүйесіне электр қуатын жеткізу түрткі болды.
Осы мақсатта «Қазақстан Халық Банкіне» жүгінген «Каскад Каратальской ГЭС» ЖШС ГЭС құрылысы үшін несие алды. Жобаны «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде «Даму» Қоры қолдап, қарыз мөлшерлемесін субсидиялады.
Қора өзенінде каскадты ГЭС салу жобасы Жетісу облысы үшін экономикалық жағынан тиімді. Бұл аймақтағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға өз электр энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді. Станциялардың жалпы қуаты 12 МВт құрайды. Жылына электр энергиясын өндіру көлемі 60 млн. кВт сағ құрайды.
Сайт: www.aspmk-519.kz
Телефон: 8 7282 30-93-93, 23-53-00
Мекенжайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 266