«MSK Group KZ» ЖШС – техникалық майлар мен майлау материалдарының Шығыс Қазақстандағы жалғыз өндірушісі

Жаңалықтар
09.06.2024

«MSK Group KZ» ЖШС 2010 жылдың желтоқсанынан бастап техникалық майлар өндірісімен айналысады. Қазір компания техникалық майлар мен майлау материалдарын өндірумен айналысатын Шығыс Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын (елімізде осындай үш компания бар). Компания металлургия, тау-кен өндірісі, тамақ өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, автомобиль, теміржол көлігі кәсіпорындарында қолданылатын жаңа буын майлау материалдарын өндіретін мұнай-химия өнеркәсібіне жатады. Кәсіпорынның өнімдері арнайы жобаланған және 2010 жылы өнеркәсіпте пайдалануға енгізілген өз жабдықтарында шығарылады. Сондай-ақ, компанияның иелігінде тиегіштер мен жүк көліктері бар. 20 адам жұмыс істейді.

Зауыттан шығатын Литол-24, Солидол, ЕР-2 50 градустан 130 градусқа дейінгі температурада жоғары жүктемемен жұмыс істейтін әртүрлі машина, көлік құралдары, механизмдер және өнеркәсіптегі жабдықтардың үйкеліс, бұралу, жылжу, сырғанау түйіндерінде қолданылады.

Компанияның өнімі бірнеше рет «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауларында марапат алды.

Кәсіпорын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ тауар өндірушілерінің тізіліміне енген.

Инвестиция үшін компанияның «Банк ЦентрКредиттен» 21,75%-бен алған несиесін «Бірыңғай кешенді бағдарламаның» «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында Қор субсидиялады. Кәсіпорын қарызын 6%-бен төлейді.

+7 705 157 89 99

ШҚО, Өскемен қ., Ж. Малдыбаев к-сі, зд. 173/1

Instagram: msk.group.kz.16