menu
Жабу

Микронесие үшін 5,9 млрд теңге бөлінді

Жаңалықтар
11.02.2018

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ пен «KMF микроқаржы ұйымы» ЖШС Азия даму банкінен қаржы тарту аясында несие келісіміне қол қойды5,9 млрд теңгеқаржы микроқаржы ұйымдарына өңірлердегі әйелдер кәсіпкеркерлігі мен микро, шағын бизнесті дамыту үшін бірнеше траншпен беріледі.

Бұл - Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік кепілдігімен АДБ қаражаты есебінен бөлініп отырған төртінші транш. Жалпы тартылған қаржы 72 млрд теңгені құрайды. Ол «Даму» Қоры арқылы KMF микроқаржы ұйымы мен екінші деңгейлі банктерге салынады. АДБ-нан тартылатын заем аясында Қор 35 млрд теңгеге несие келісімін жасады. Жақын уақыттабанктермен жалпы құны 13,6 млрдтеңге болатын келісім жасалмақ.

«Микробизнесті дамыту бастапқыда ірі салымды қажет етпейді. Дегенмен, шектеулі ресурстарға қарамастан тұтынушылар қызметі нарығын дамуын жылдам да тиімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаға KMF-тың қатысуы көпшіліктің кәсіпкерлікке деген ынтасын арттырады. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамту мәселесін оң шешуге сеп болады. Қордың жаңарған стратегиясына сәйкес, мискроқаржы ұйымдарымен жұмысымызды арттыра түспекпіз. Алғашқы келісім-шарт та осы саладағы ең ірі ұйыммен жасалғаны бекер емес. Қаңтар айында біз МҚҰ қаржы салуды көздейтін «Даму-Микро» атты бағдарламамызды қайта жаңғырттық. Қазір осы нарықтағы кәсіпкерлерден өтінім күтіп отырмыз», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

«Өткен жылмен салыстырғанда біздің несие қоржынымыз 70%-ға, несие алушылар саны 21%-ға артты. Дегенмен кәсіпкерлердің, әсіресе фермерлердің қолы несиеге жетпей келеді. Мұның барлығы Қазақстанда шағын бизнес саласы қатты дамып келе жатқанымен, несиеге деген қажеттілік жоғары екенін көрсетеді. Осы заем аясында алынған қаражат негізінен банк қаржысына қолы жете бермейтін ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге беріледі», - дейдіKMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Келісімнің шарттары бойынша КМF бұл қаржыны микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып ал мен жаңғырту және басқа банктен алған қарыздарын қайтару үшін береді. Бір борышкердің қолына 8 000 АЕК көлемінде қаржы тиеді.

Микронеселеудің артықшылықтары:

Ø Аз құжат жиналады;

Ø Өтінім 1-3 күн ішінде қаралады;

Ø Үздіксіз несие алу мүмкіндігі;

Ø Жасқа шектеу аз. Студент те, зейнеткер де несие ала алады;

Ø Қаржылық сауаттылыққа тегін оқу мүмкіндігі бар;

Ø Әр борышкердің жағдайы жеке ескеріледі. Соның арқасында қарыз төлеу уақыты мен әдісі клиенттің ыңғайына қарай жасалады.