«Пуль К. С.» компаниясы Павлодар облысындағы жас өндірушілердің бірі. Компания жартылай фабрикаттар мен басқа да дайын тамақ өнімдерін шығарады.
Компанияның негізін қалаушы Василий Пуль – аспаз. 2020 жылы COVID-19 карантині кезінде ерлі-зайыптылар үй-жайды жалға алып, жартылай фабрикаттар шығаратын цех ашқан. Қазір де бүкіл пісіру процесін өзі бақылайды, сонымен қатар тағамдарды түю процесін де қадағалайды. Штатта барлығы 5 түюші және 1 кассир бар. Негізгі клиенттер қала және облыс тұрғындары.
Соңғы кезде мұздатылған дайын тағамдар нарығы тұрақты өсіп келеді. Бұған халық санының артуы, қалалардағы өмір қарқынының жеделдеуі, тұтынушылардың тамақ дайындауға уақыт үнемдеуге деген ұмтылысының артуы ықпал етеді.
Бүгінгі таңда кәсіпорын нарықта өзін сапалы жартылай фабрикаттардың өндірушісі ретінде көрсетті, өнімдер негізінен кәсіпкерлердің өздері құрған «LAVKA» қосымшасы арқылы сатылады.
Күніне 70 кг-ға дейін дайын өнім дайындалады, оның ішінде балалар мәзіріне арналған ассортимент бар (тауықтың төс еті мен ірімшігі бар тұшпара, сиыр еті мен картоп қосылған мант, картоп қосылған тұшпара, тауық котлеттері, сүзбе қосылған тұшпара, жидектер қосылған тұшпара.)
Жобаны «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қолдады. «ForteBank» АҚ Павлодар филиалы арқылы жартылай фабрикаттар өндіруге арналған жабдықтар сатып алу үшін 20 000 000 теңгені 19,75%-бен алды. Оның ішінде алғашқы үш жыл 11,75%, төртінші жыл 10,75%, бесінші жыл 9,75%-ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры 9 993 284 теңге көлемінде кепілдік берілді.
Instagram: @pulman.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 90/1
Тел.: +7 778-444-50-13