menu
Жабу

Жамбыл облысында ТЖО мен автобөлшектер сататын дүкен айналым қаражатын толықтырды

Жаңалықтар
12.02.2018

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылында ТЖО мен автобөлшектер сататын дүкен айналым қаражатын толықтыруға қолдау алды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жеке кәсіпкер Көпбаев Бекболат Бейбітұлына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға 4 млн теңге несие берілді. Несие «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты бойынша рәсімделіп, банктің пайыздық мөлшерлемесінің 10%-ы субсидияланды. Банк мақұлданған жылдық пайыздық мөлшерлеме 19%-ды құрады. Осылайша кәсіпкер жылына 9%-дық мөлшерлемені ғана төлейді. Сонымен қатар, осы жоба шеңберінде 1,6 млн теңге, яғни бұл несие сомасының 39%-ына «Даму» қорының кепілдігі берілді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ауыл тұрғындары, шағын және моноқалалардағы кәсіпкерлерге салалық шектеу жоқ екенін еске саламыз. Мүмкіндікті пайдалануға асығыңыздар.