Исламбек Косубаковтың кәсіпкерлікке бет бұрғанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен, қысқа уақыт ішінде тұрақты да кірісі мол кәсіп көзін тауып ала қойды. Ол ағаш пен темірден өнім жасап, құрылыс материалдарын сатумен айналысады.
Тараз қаласында жаңа сауда нүктесін ашып, айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Даму» қорының қолдаумен 2018 жылғы қаңтар айында «Халық банк» АҚ арқылы 15 млн теңге несие алды.
Несие «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» (Еңбек) аясында рәсімделді. Мөлшерлемесі жылына 6%. Исламбек ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде, «Даму» Қорының несие сомасының 85%-ы, яғни 12,7 теңгені құрайтын кепілдігін де алды.