Бір бизнестің тарихы: кеңсе кәсіп арасы

Жаңалықтар
25.02.2018

Астанада «Даму» Қорының қолдауымен «Бөбек Медина» атты балабақша ашылды.

«Бөбек Медина» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасыны арқылы «Банк Центр»Кредиттен» балабақшаға арналған бөлме сатып алу үшін рәсімдеген несие көлемін азайта алды. «Даму» Қоры жобаға кепілдік берді.

Бір айта кетерлігі, «Бөбек Медина» ЖШС негізін қалаушы және басшысы Мадина Әжікенова «Даму» Қорының өз бизнесін құру негіздерін үйрететін семинарын 2014 жылы оқыған. Өз ісін ашу идеясы  Мәдинаға сол курста жүргенде келіпті.

Мадина өте балажан. Мейірімді, ашық, адал, алдына мақсат қоя біледі. Сондықтан да өз  табиғатына жақын іспен айналысуға шешім қабылдады. Туыс-туғандары оның бұл қадамына алғашында қатты таң қалды. Қаржыгер, банк саласында жемісті жұмыс істеп келе жатқан қызметкер өмір жолын түбегейлі өзгертіп, мүлде басқа салаға бет бұрды.

Осыдан үш жыл бұрын, пәтерін сатып, бар ақшасын бизнеске салып, алғашқы балабақшасын ашты. Кәсіп таңдауда қателеспегенін ұқты. Себебі ісі жүре бастады. Балалар Мадинаның балабақшасына қуана-қуана келіп-кетеді. Өйткені онда үйдегідей жылылық бар. Мадина әр баланы өз туысым деп санайды.

Астана жыл өткен сайын дамып келеді. Кішкентай қала тұрғындары балабақшаның жоғары сапалы қызметіне мұқтаж. 2017 жылдың соңында Мадина өз бизнесін кеңейтіп, тағы бір балабақша үшін ғимарат сатып алуға шешім қабылдады.

«Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының консультанттары банкке қажетті құжаттар тобын жинап, бизнес-жоспар жасауға көмектесті.

Өткен демалыс күндері «Бөбек Медина» балабақшасының салтанатты ашылуы өтті.

Қаланың тығыз қоныстанған аудандарының бірі - Гұмар Қараш пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында орналасқан жаңа балабақшада балаларға ағылшын тілі, логопед, хореограф сияқты қызметтер ұсынылады.

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін КҚКО немесе 559199 телефоны бойынша хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер сізге бағдарлама таңдап, сондай-ақ банк үшін құжаттар жинауға көмектеседі. Барлық консультациялар мен қызметтер тегін.